30 мамырда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында болған магнитудасы 6,1 баллды құраған жер сілкінісінен жапа шеккендер саны 177 мың адамға жетті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Жер сілкінісінің салдарынан 48 адам жарақаттанып, 45 мың азамат қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, 3,4 мың үй қирап, 21 мың баспана бұзылды. Олар тікелей экономикалық шығынды 1,7 миллиард юаньға (272 миллион АҚШ доллары) бағалап отыр.
|