Алматыда 2014 жылы 18 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 2014 жылы 18 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жоспарланып отыр

02.06.2014
Алматыда 2014 жылы 18 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жоспарланып отыр
Алматыда биыл 18 мемлекеттік балабақшаның құрылысы жоспарланған. Олардың 16-сы ағымдағы жылы пайдалануға берілмек.
«2014 жылы 18 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің құрылысы жоспарланып отыр. Олардың 16-сы биыл пайдаланымға беріледі. Бұл 2120 бүлдіршінді балабақшамен қамтуға септеседі. Қалған 640 орындық 2 балабақша 2015 жылы пайдалануға беріледі. Олардың ішінде 7-уі республикалық бюджеттен, 11-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отыр. Қала бойынша 54 836 бүлдіршін балабақшаға кезекте тұр», -деді Білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева. 

«Сондай-ақ биыл жыл басынан бері 4 мемлекеттік балабақша ашылып, оларда 480 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Жекеменшік балабақшалардың құрылысы да қарқынды жүруде. Биыл 350 орындық 8 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді», - деді Білім басқармасының басшысы. 

Хабарламаларға жазылу