Кәсіпқой бокста IBF, WBO, WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы ресейлік Александр Поветкинмен қарымта кездесу өткізуге дайын екенін жариялады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
30 мамырда Поветкин неміс боксшысы Мануэл Чаррды 7 раундта нокаутқа жіберіп, Дүниежүзілік бокс қауымдастығының құрлықаралық чемпионы атағын (WBC) жеңіп алды.
«Мен Поветкинді жеңіске жетуімен құттықтадым. Әрине, мен оның қарымта жекпе-жекке шығуына мүмкіндік бере аламын. Менің ойымша, егер бұл жекпе-жек өтсе, тек Киевте өтеді. Себебі, бірінші кездесуіміз Мәскеуде болған, енді Киевте өткені жөн. Мұнда «Олимпийский» атты керемет кешен бар. Бокссүйер қауымның бұндай жекпе-жекті көруге құмартатынына сенімдімін», - деп атап өтті Кличко.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың қазанында Владимир Кличко Мәскеуде Александр Поветкинді жеңген. Ол орыс боксшысының алғашқы жеңілісі болды.
|