«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Қазақстан-инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына қатысу үлесін маусымда сатылымға шығарады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қаржы директоры Нұрлан Рахметов мәлім етті.
«Маусым-шілдеге арналған кесте қазірдің өзінде анықталып отыр. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы алғашқы шара 17 маусымда басталады деп күтілуде.
Шілдеде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрамынан Екібастұздағы «Ертіс-сервис» пен Шымкенттегі «Қазығұрт Оңтүстік» ЖШС-ның 100 пайыз акциясын сатылымға шығару жоспарланып отыр.
«Бұған қоса «Бас Балқаш 2004» ЖШС мен Түркістандағы жылжымалы құрамды жөндейтін «Ақ Берен» ЖШС-ның 100 пайыз акциясы сатылымға шығарылады»,- деді Н.Рахметов.