Ресейлік екінші «Медиабренд» конкурсында Ұлттық арнаның Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай әзірлеген «Төрлет, Наурыз!» бейнебаяны бас жүлдені жеңіп алды.
Конкурста «Төрлет, Наурыз!» - арнайы эфирлік оқиғалардың арасындағы үздік проморолик ретінде финалға өткен болатын.
Үздіктерді медиа индустрияның кәсіби мамандары анықтады. Жеңімпаздарды халықаралық сарапшы қазылар алған бағалары бойынша таңдаған.
Біздің анықтама:
«Медиабренд» - «Телевизиялық даму және дизайн» саласы бойынша жыл сайын өтетін дәстүрлі конкурс. Конкурстың «Медиабренд» аталатын конференциясы телевизия және электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы брендинг, промоушен, дизайн тақырыптарына арналған