ЕЭО-ның мақсаты - ТМД кеңістігінде бірыңғай нарық құру - Владимир Путин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО-ның мақсаты - ТМД кеңістігінде бірыңғай нарық құру - Владимир Путин

29.05.2014
ЕЭО-ның мақсаты - ТМД кеңістігінде бірыңғай нарық құру - Владимир Путин
Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты - ТМД кеңістігінде бірыңғай нарық құру.
 
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қою рәсімінен кейін Ресей басшысы Владмир Путин осылай деді.
 
«Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастаманы 1994 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерді. Ресейде бұл бастама жалпыұлттық консенсусқа ие. Бүгін тарихи маңызды құжат қабылдап отырмыз. Енді Қазақстан, Беларусь және Ресей елдері өзара байланыстың жаңа деңгейіне көтеріледі.  Үш ел арасында тауар, қызмет түрлері, капитал,  жұмыс күшіне  қатысты ортақ кеңістік құрылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Еуразиялық экономикалық одақтың мақсаты - ТМД кеңістігінде бірыңғай, ірі нарық құру», деді Владимир Путин.
 
Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан, Беларусь, Ресей елінің президенттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды.
 

Хабарламаларға жазылу