29-мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді.
Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко қатысады.
Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
|