Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта бола ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта бола ма?

26.05.2014
Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта бола ма?
Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әдiлет министрiнiң орынбасары Эльвира Әзiмова мәлiм еттi. 
 
«Ортақ валюта болмайды. Келісімшарт жобасында бұндай норма қарастырылмаған»,- деді Э.Әзімова. «Ортақ ақша қолданысқа енгізіледі» деген әңгімеге қатысты бұдан бұрын Қазақстан Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев та мәлімдеме жасаған болатын.
 
Сондай-ақ, бүгінгі брифингте ҚР Сыртқы істер вице-министрі Самат Ордабаев Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімшарт жобасынан ортақ азаматтық, шекараны бірігіп қорғау, визалық саясат секілді мәселелерді алғызып тастауға қол жеткізгенін мәлімдеді.
 
Экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа 29 мамыр күні Астанада қол қойылады деп күтілуде.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу