Джиро д Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде Фабио Ару жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джиро д Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде Фабио Ару жеңіске жетті

25.05.2014
Джиро д Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде Фабио Ару жеңіске жетті
Джиро д'Италия көпкүндігінің 15-ші кезеңінде «Astana Pro Team» командасының италиялық велошабандозы Фабио Ару жеңіске жетті. Ол атақты План-ди-Монтекампьоне тауында мәреге үш шақырымға қалғанда шабуылға шығып, барлық бәсекелестерін шаң қаптырды.
 
225 шақырымға созылған 15-ші кезең Валденго мен План-ди-Монтекампьоне арасында өтті. Айта кетейік, бұл кезең атақты италиялық велошабандоз Марко Пантини құрметіне арналған. Ол бұл кезеңде 1998 жылы топ жарған.
 
Екінші және үшінші орынды колумбиялық велошабандоздар Фабио Дуарте («Colombia») және Найро Кинтана («Movistar Team») иеленді.
 
Ал жалпы есепте топ бастап келе жатқан тағы бір колумбиялық велошабандоз Ригоберто Уран («Omega Pharma – Quick Step») мәре сызығын бесінші кесті. Бұл нәтиже оның топ тізгінін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
 
Фабио Ару бүгінгі жеңістен кейін үш сатыға жоғарылап, жалпы есепте төртінші орынға тұрақтады. Ол көш басындағы Ригоберто Ураннан 2 минут 24 секунд қалып келеді.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу