Мюнхен қаласының орталығынан батысқа қарай бағытта көне қоныстың орны табылды. Археологтар оны жаңадан тұрғызылатын ауданның аумағын зерттеу барысында анықтаған.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, ол жерден ерте қола ғасырына тиесілі сүйек қалдықтары табылған. Сонымен бірге, археологтар ерте кездегі үйлердің сұлбасын анықтады. Яғни, бұл қоныстан құдықтар мен үй-жайлардың іздері табылған. Елді мекендегі қыштан жасалған бұйымдар біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларға жатады екен.
Мюнхенде Ежелгі Рим кезіндегі қоныстың табылуына кірпіштерді күйдіруге арналған үлкен пештердің анықталуы дәлел болуда.
|