Түркияда Google DNS-сервис жүйесіне де тосқауыл қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Google DNS-сервис жүйесіне де тосқауыл қойылды

23.05.2014
Түркияда Google DNS-сервис жүйесіне де тосқауыл қойылды
Түркия билігі Google іздеу жүйесінің DNS-сервисіне де шектеу қойды. Оны жергілікті тұрғындар тосқауыл қойылған Twitter-ге кіру үшін пайдаланып келген болатын, деп хабарлады РБК Bloomberg-ке сілтеме жасап.
 
Түркия Премьер-Министрі Реджеп Тайип Эрдоған кеңсесі жария еткен мәлімдемеде бұл қадам заңсыз жолмен алынған әрі жалған жазбаларды жария етіп отырған Twitter-ге қарсы алдын алу шаралары ретінде түсіндіруде. 
 
Жария етілген мәлімдемеге сәйкес, билік аталған компания ел талабын толығымен орындаған жағдайда ғана Twitter-ді пайдалануға қойылған шектеуді алмақ.
 
Айта кетерлігі, Twitter-ден алынған бейнероликтер мен стенограммаларды пайдаланушыларға таратып отырған Facebook пен YouTube-ге де шектеу қою қаупі төніп тұр.

Айта кетейік, Twitter Түркиядағы жемқорлық дау-дамайымен байланысты материалдар мен құжаттарды орналастыруда басты алаң болып отыр. Ал оны Эрдоған өзіне және өзінің серіктестеріне қарсы бағытталған әрекет деп санауда.

Хабарламаларға жазылу