Үндістан, Иран елдерінің мұрағатынан қазақ хандарының хаттары табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан, Иран елдерінің мұрағатынан қазақ хандарының хаттары табылды

23.05.2014
 
«Қазақ хандары мен шығыс билеушілерінің арасында парсы тілінде хат алмасулар болған. Оны Үндістан мен Иран мұрағаттарынан табылған сирек қолжазбалар растайды», деп жазады e-islam.kz.
 
«Тәуке хан, Қасым хан, Жалаңтөс Бахадүр туралы бұрын-соңды ғылыми айналымға түспеген, айтылмаған дерек-құжаттардың көшірмелері қазақ жерінде бір кезде дипломатиялық байланыстардың жоғары деңгейде дамығанын дәлелдейді», - дейді Алматыдағы Шығыстану институтының қызметкері Ғалия Қамбарбекова.
 
«Мұнша аттың ішінен Тавакул хан дегенді кездестіріп қалдым. Тарихтың түп тамырына үңілу үшін жан-жақты зерттей бастадым. Нәтижесінде, Тавакул хан «қазақ» дегенді білдіретініне көзім жетті», - дейді ол.

Осы туралы хабар таратқан «Алматы» телеарнасы аталған құжаттардың Үндістан, Иран елдерінің мұрағаттарында сақталғанын алға тартады. Енді зерттеушілер көне жазуларды арнайы маманның көмегіне жүгініп аударуды көздеп отыр.

Хабарламаларға жазылу