Электронды сауданың жаһандық нарығы 17 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электронды сауданың жаһандық нарығы 17 пайызға өсті

20.05.2014
Электронды сауданың жаһандық нарығы 17 пайызға өсті
Халықаралық сарапшылардың мәліметінше, электронды сауданың жаһандық нарығы 2013 жылы 17 пайызға өсті. Яғни, сатылым көлемі 1,2 триллион АҚШ долларына жеткен.
 
Электронды сауданың ірі нарығы  ретінде жалпы алғанда, 420 миллион доллар көлемімен Солтүстік Америка болып отыр. Оның негізгі бөлігі яғни, 262 миллион доллары Америка Құрама Штаттарына тиесілі.
 
Сарапшылардың айтуынша, жақында Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтың дамушы мемлекеттері осы электронды сауданың жаһандық өсімінде негізі салымшы болады.
 
Бұл аймақтарда ойлайн-сатылым 2013 жылы 23 пайызға артқан. Оның ішінде Қытай (65 пайыз) мен Индонезия (71 пайыз) алда келеді. Алайда, Батыс Европа нарығы дамушы аймақтардан көш ілгері. Былтыр Батыс Европа интернет қолданушылары 72 пайызға тауар және қызметті пайдаланса, бұл көрсеткіш Азияда 50 пайыз ғана.
 
Ал Қазақстанда электронды сауданың жағдайы жаман емес, дейді сарапшылар. Алайда, әзірге елдің 11 пайыз азаматы ғана интернет-дүкендердің белсенді тұтынушылары.
 
Бұл көрсеткіш бойынша, Қазақстан қалыс келеді. Мамандар бұл мәселені жергілікті халықтың электронды саудаға деген сенімсіздігінің басым екендігімен байланыстырады.

Хабарламаларға жазылу