Атырау облысында пойыз қозғалысы реттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында пойыз қозғалысы реттелді

20.05.2014
Атырау облысында пойыз қозғалысы реттелді
20 сәуір күні сағат 06.00 кезінде Атырау облысындағы теміржол желісінің «Сағыз-Мақат» учаскесіндегі жол қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуір күні «Сағыз - Мақат» учаскесінде «Алматы - Атырау» бағыты бойынша бет алған № 41/42 жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Теміржол көлігінің 12 вагоны  жолдан шығып кетті. Осыған байланысты, 10 жолаушы пойызының жұмысы тоқтатылған. ҚТЖ аталған учаскедегі жол қозғалысын қалпына келтіру мен жұмысы уақытша тоқтатылған пойыздардың қатынау кестесін реттеу бойынша шаралар жүзеге асырылғанын хабарлады.
 
Жолаушылар вагонының жолдан шығып кетуі салдарынан болған төтенше жағдайды реттеу жұмысына 218 жұмысшы, 2 қалпына келтіру пойызы мен 25 арнайы техника жұмылдырылған. Аталған оқиғаның себептерін анықтау үшін «ҚТЖ»ҰК» АҚ арнайы комиссиясы құрылғаны хабарланды.
 
Жолаушылар пойыздарының кешіктірілуіне байланысты туындаған сұрақтарға жауап алу үшін 8 7172 600 132  нөмірі бойынша Астанадағы тәулік бойы қызмет көрсететін орталыққа хабарласуға болады.
 
Төтенше оқиғаның анық-қанығы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңалықтарының бүгін сағат 10:00 де шұғыл түрде эфирге шығатын арнайы хабарында айтылмақ.
 
Бас көлік прокуратурасы осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Хабарламаларға жазылу