Кипр Еуропаның Ресей газына тәуелділігін азайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кипр Еуропаның Ресей газына тәуелділігін азайтпақ

20.05.2014
Кипр Еуропаның Ресей газына тәуелділігін азайтпақ
Кипрдегі жаңа газ кен орнын барлау жұмыстары сәтті аяқталса, Еуропа  Ресей газынатәуелділікті азайтпақ. Бұл туралы Кипрдің Энергетика  министрі Георгий Лаккотрипис хабарлады, деп жазады РБК.
 
Жаңа кен орнын өңдеу жұмыстарын «Eni, Korea Gas Corporation» және  «Total» компаниялары жүргізеді.  Кипрдағы кен орнында 6 триллион текше фут табиғи газ бар екені дәлелденген.
 
Осы аптада «Eni» және «Kogas» 2, 3 және 9 блоктарына өңдеу жүмыстарын жүргізеді. Ал  француздық «Total» компаниясы өздеріне  тиесілі  10 және 11 блоктарына келесі жылдың екінші жартысында зерттеу жұмыстарын жасамақ. Егер зерттеу тобының жұмысы сәтті аяқталса, Кипр өздерінің табиғи газын өндіруді жоспарлауда. 

Хабарламаларға жазылу