Алматы – Ыстықкөл тасжолы ақылы болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы – Ыстықкөл тасжолы ақылы болмақ

19.05.2014
Алматы – Ыстықкөл тасжолы ақылы болмақ
Алматы – Ыстықкөл тасжолы ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Министрліктің мәліметінше, Алматы – Ыстықкөл тасжолы жобасы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылмақ. Яғни, 2015 жылдан кейін басталуы керек. 
 
Қырғыз Республикасындағы жаңа жолдың жобасына жеке инвестиция тартылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Алматы – Ыстықкөл тасжолы ақылы болмақ.
 
Көлік және коммуникация министрлігінің айтуынша, Алматы – Ыстықкөл тасжолы құрылысының техникалық-экономикалық бастапқы жоспары 2007 жылы әзірленген. Сол уақытта үш бағыт қарастырылды. Ол - Михайловка, Қарабұлақ-Кемин (Быстровка) және Кіші Кемин ауылдары арқылы өту.
 
Сараптама нәтижесінде Михайловка ауылы арқылы өтетін және 280 шақырымға созылатын жол қолайлы деп танылды. Жобаны жүзеге асыру үшін тиісті нормативтерге сәйкес келетін техникалық экономикалық жоспар егжей-тегжейлі әзірленуі қажет.

Хабарламаларға жазылу