5G стандарты Қазақстанға 2017 жылға қарай енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5G стандарты Қазақстанға 2017 жылға қарай енгізілуі мүмкін

19.05.2014
5G стандарты Қазақстанға 2017 жылға қарай енгізілуі мүмкін
Қазақстанда 2017 жылға қарай соңғы буынды технологияларға негізделген 5G байланыс стандарты енгізіледі.
 
Бұл туралы бүгін «ASTEX-2014» көрме-конференциясы аясында журналистерге ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Әлемде бүгінде 5G жобасы даярлануда. Оны қабылдау 2017 жылға жоспарланып отыр. Менің ойымша, Қазақстан осы кезде бұл стандарттарды енгізуге дайын болады»,-деді С. Сәрсенов.

5G - жаңа буынды телекоммуникациялық стандарт. Мамандардың деректеріне қарағанда, 5G стандарты LTE (4G) жүйесімен салыстырғанда, мәліметтерді жіберу, өткізу жылдамдығын еселеп арттыратын болады.

Хабарламаларға жазылу