«Севол» кемесінің капитаны қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Севол» кемесінің капитаны қамауға алынды

19.05.2014
«Севол» кемесінің капитаны қамауға алынды
Оңтүстік Корея билігі суға батып кеткен «Севол» кемесінің капитанын қамауға алды. 68 жастағы Ли Чжун Сокты қамауға алу туралы ордерді кеменің бату себебін анықтаумен айналысып жатқан тергеу тобы талап еткен.
 
Тергеушілердің айтуынша, кеме батып жатқанда капитан жолаушының кейіпіне еніп, бірінші болып қашып кеткен. Сондай-ақ жолаушылар кеме батып жатқанда, қауіпсіздік шаралары қабылданбай, керісінше адамдарға өз орындарында қалуға кеңес берілгенін айтып отыр.  
 
Айта кетейік, «Севол» кемесі 16 сәуір күні Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған болатын. Қазіргі кезде 31 адам қаза тауып, 265 адам іс-түссіз жоғалғандар қатарында.
 
ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу