Алматылықтар «Отеллоны» тамашалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар «Отеллоны» тамашалайды

18.05.2014
Алматылықтар «Отеллоны» тамашалайды
22-24 сәуір күндері Алматыда М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драматеатрында У.Шекспирдің әйгілі «Отеллосының» премьерасы өтеді.
 
Бұл қойылымның өзгешелігі сол, мұнда режиссер де, суретші де, композитор мен киім үлгісін жасаушы мамандардың бәрі де шетелдіктер.  Ресей және Беларусь елінен келген мамандар қойылымда жаңаша түрде сахналамақ.
 
«Отелло» Әуезов театры сахнасында осыған дейін  екі мәрте 1939 және 1969 жылдары қойылған. 
 
«Отеллоның» режиссері Надежда Птушкина: «Труппада кілең мықты актерлер топтасқан.  Актерлердің біліктілігі өте жоғары. Академиялық театр ғой. Әрі қазақ театрларының көшбасшысы, қарашаңырағы. Мұражайын көргенде, небір ұлы актерлердің, сүбелі қойылымдардың сахналанғанын байқадым. Труппадағы шығармашылық ұжымға ризамын. Нені айтсаң да тез игеріп алады. Кәсібиліктері қызықтырды. Ең бастысы, театрды шексіз сүйеді», - дейді.  
 
«Отеллоның» бұған дейін де осы театрда екі рет сахналанғанынан хабардар режиссер: «Классикалық шығарманың құдіреті де сонда, уақыттық, кезеңдік дүниелерді ығыстырып отырады. Қай дәуірде қойсаң да, алдыңнан шекспирлік тереңдік шығады. Оған әркім әрқалай үңіледі. Сондай-ақ, бұл жолғы қойылым - заманауи сценография, әуен, сахналық көріністер арқылы да өзгеше болады ғой деп ойлаймын»,-дейді.
 
Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

Хабарламаларға жазылу