Иван Дычко Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иван Дычко Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті

18.05.2014
Иван Дычко Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті
Ташкентте аяқталған Сидней Джаксонның құрметіне арналған халықаралық турнирде қазақстандық боксшы Иван Дычко жеңіске жетті
 
Жарысты ширек финалдан бастаған аса ауыр салмақтағы боксшы финалда Өзбекстан құрамасының бірінші нөмірлі, бірнеше халықаралық турнирдің жеңімпазы Мирзохиджон Абдуллаевпен кездесті. Шаршы алаң иесі жанкүйерлерін қуантуға талпынғанымен, жеңіс 2:1 есебімен тәжірибелі боксшы Дычкоға бұйырды. 
 
Айта кетейік, Алматыда өткен Әлем чемпионатынан кейін Иван Дычконың бұл шаршы алаң алғаш шығуы.
 
Естеріңізге сала кетейік, Ташкенте өткен турнирде жаттықтырушы Нұрғали Сафиуллиннің жетекшілігімен Закир Сафиуллин (60 келі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі), Нұрдаулет Жарманов (81 келі) қатысты.
 
Шаршы алаңда Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Түркия, Иран, Қытай және Түркіменстаннан 150-ден астам боксшы жұдырықтасты.

Хабарламаларға жазылу