АЭФ аясында Астанада жастар форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АЭФ аясында Астанада жастар форумы өтеді

18.05.2014
АЭФ аясында Астанада жастар форумы өтеді
21-23 мамыр күндері өтетін VII Астана экономикалық форумының аясында Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасында «Экономикалық ықпалдастық пен «жасыл технологиялар»: жастардың қосар үлесі» атты III Бүкіләлемдік экономикалық жастар форумы ұйымдастырылады, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
 
«Форум жұмысы мемлекетаралық экономикалық ықпалдастық саласындағы халықаралық студенттік және жастардың үкіметтік емес ұйымдары арасында қарым-қатынастарды орнатуға арналған.
 
Шара бағдарламасы аясында халықаралық экономикалық қарым-қатынастар саласындағы шетелдік және қазақстандық сарапшыларының панельдік сессиялары мен шеберлік сыныптары өткізіледі», - делінген хабарламада.
 
Оған шамамен шетелден және Қазақстаннан 150-ге тарта қатысушы келеді деп күтілуде.
 
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, жастар форумын ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері жөніндегі комитет, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ, Орал мемлекеттік экономикалық университеті ұйымдастыруда.

Хабарламаларға жазылу