Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясының ашылуында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгінгі сессияның өзегі бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті - біздің осындай бірлікті болмысымыздың кепілі», - деді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген ұлы Жамбыл ақынның сөзін келтірді.