Рогозин: «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рогозин: «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылды

18.05.2014
Рогозин: «Протон» зымырандарын ұшыру тоқтатылды
«Протон» зымырантасығыштарын ұшыру соңғы апаттың себептерін тексеріп жатқан комиссия жұмысы аяқталғанша тоқтатылды. Бұл туралы вице-премьер Дмитрий Рогозин өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында айтты.
 
«Үкімет апат комиссиясы жұмыстарының нәтижесін күтіп отыр. Бұл жұмыстар аяқталғанша«Протон» ұшыру тоқтатылды. Оның үстіне мекемеде дағдарыс. Біз оларға бұл жағдайдан шығуға көмектесеміз»,-деп жазған вице-премьер.
 
Жұма күні «Экспресс-АМ4R» аппараты бар «Протон-М» зымырантасығышы апаттық жағдайға байланысты орбитаға ұшырылмады.
 
«Протон-М» зымырантасығышының мұның алдындағы апаты 2013 жылдың шілде айында болған еді. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран ұшқан бетте бірден кешеннен 2,5 шақырым жерге құлаған.
 

Хабарламаларға жазылу