«Бізде балалық шақ болған жоқ...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бізде балалық шақ болған жоқ...»

18.05.2014
«Бізде балалық шақ болған жоқ...»
Сұрапыл соғыс талай шаңыраққа қаралы қағаз алып келді. Біреудің балалығын алды, балғын, тәтті кезінен айырды. 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысты еске алғанда қабырғасы қайысып, жанарына жас іркілетін жандардың бірі – сол кездегі балалар. Олар бұғанасы қатпай-ақ тылдағы тынымсыз тірліктің қамытына жегілді. Бала болып ойнамады, ерте есейді.
 
Халық әртісі Сәбит Оразбайдың да балалығы сол кезге тұспа-тұс келіпті. «Біз қаршадайымыздан жұмыс істедік. Себебі, «Барлығы Отан үшін, ел үшін» деген ұран болды. Тәртіп өте қатаң болды. Оқудың өзі кемшіндеу болды. Өйткені, күзде мақтаны жинап алмай, сабақ басталмайтын»,-деп еске алады ол.
 
Қатулы қабақ, қатаң тәртіптің тезінде өскен сәбилер қара қағазға қарап, қайғы жұтқан талай аналарының көз жасына куә болды.
 
Аспанын үміт пен күдік торлаған сол жылдары жазушы Дулат Исабеков те дүниеге келген еді. «Біз бала болдық, бірақ, бізде балалық шақ болған жоқ. Сонау майдан даласында атылған оқ, жырақтағы ауылдарға жетіп, бізді балалығымыздан айырды»,-дейді ол.
 
«Күндіз-түні тілейтінім – енді соғыс болмасын. Бейбіт өмірдің қадірін білу керекпіз»,-дейді Халық әртісі Сәбит Оразбай.

Хабарламаларға жазылу