Қымыздан коктейль жасаған кәсіпкер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қымыздан коктейль жасаған кәсіпкер

18.05.2014
Қымыздан коктейль жасаған кәсіпкер
«Бұл идея осыдан біраз жыл бұрын келген. Ал оның жүзеге асуына  Елбасының сөз түрткі болды. Ол кісі қымызды EXPO көрмесі кезінде ұлттық сусын дәрежесінде көтеру туралы айтты. Содан кейін ел дамуына қосқан үлесіміз болсын деп, қолға алдық»,-дейді кәсіпкер.
 
«Құрамы 100 пайыз қымыздан және түрлі жеміс-жидектерден тұрады. Денсаулыққа еш зияны жоқ. Қымызда С дәруменінің үлесі көп. Ол сергіткіш әсер береді. Сонымен қатар, басқа да көптеген дәрумендер осы қымыздан табылады. Әзірге саудаға шығарған жоқпыз. Тек сұраған адамдарға жасап беріп жатырмыз. Десек те, сұраныс өте жоғары».
 
Бұдан басқа да жоспарларымен бөліскен кәсіпкер: «Ұлттық тез тамақтану жүйесін құрмақ ой бар. Қазы, ет, сондай-ақ, шұбатты да осындай инновациялық жолмен нарыққа шығармақпыз»,-дейді.
 
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.
 

Хабарламаларға жазылу