Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды

18.05.2014
Ең үлкен динозаврдың сүйегі табылды
Аргентинада динозаврдың тасқа айналған сүйектері табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жер бетінде тіршілік еткен динозаврлардың ең үлкені. Бұл туралы  Tengrinews.kz BBC ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлайды.
 
Аргентинаның Трелью қаласының батысынан 250 шақырым жердегі кесіртке сүйектерін жергілікті фермер тапқан. Палеонтологтар ол жерден жануардың 150-дей сүйегін қазып алған.
 
Сүйектердің  ұзындығы 40 метр, бойы 20 мертдей болған. Ал салмағы 77 тонна, бұл төрт африкалық пілдің салмағына тең.
 
«Сүйектердің мөлшерін білген соң, бұл жер бетінде тіршілік еткен ең үлкен жануар деген тоқтамға келдік», -дейді  палеонтологтар.
 
Ғалымдардың айтуынша,  сүйектер жақсы сақталған және ол өсімдікпен қоректенетін, бор дәуірінде тіршілік еткен титанозаврдың бір түрі.
 
Сурет: bbc.com
 

Хабарламаларға жазылу