Қарағандыда жылу беру маусымы ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жылу беру маусымы ұзартылды

17.05.2014
Қарағандыда жылу беру маусымы ұзартылды
Қарағандыда келесі аптада күн суытады деп болжануына байланысты жылу беру маусымының уақыты ұзартылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктен хабарлады.
 
«Бүгін осы мәселеге байланысты жиналыс өтті. Жылуды тоқтатуды келер аптада шешетін боламыз. Себебі, синоптиктердің айтуынша, алдымыздағы аптада күн суытуы мүмкін», деді қала тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бекет Қосшығұлов.
 
Мұның алдында жылу беру маусымын тоқтату сәуір айының ортасына жоспарланған болатын.

Хабарламаларға жазылу