Қуат бағасы бірден 25 пайыз өседі деп болжануда. Департамент директоры Валихан Разовтың айтуынша, бұл мәжбүрліктен жасалып отырған шара.
Бұған дейін, «БатысЭнергоРесурс» ЖШС-і «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясынан арзан энергия алып отырған.
Бірнеше апта бұрын трансформаторлардың бірі істен шығып, қуат тасымалдаушы Ресейден қымбат бағаға алуға мәжбүр. Дегенмен департамент директоры «бұл уақытша, трансформатор іске қосылған соң баға қайта бұрынғы қалпына түседі», - дейді.