Мамандық таңдау – адам өзі айналысқысы келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзі араласқысы келетін ортаны да таңдау. Негізі «мамандық» сөзі латынның «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегеніне сай келеді.
Ертеректе мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен бір өзі айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Бірақ, уақыт өте келе қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар да келді.
Бүгінде қолға арнайы дипломат немесе папка ұстататын мамандықтардың түр-түрі өз алдына, сондай-ақ, цирктегі арыстан жаттықтырушысы, ұшқыш немесе токарь сынды мамандықтар да бар.
Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ерекше мамандық иелерін студияда қонақ етпек.