«Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыранын ұшыру кезінде үшінші сатының басқару қозғалтқышының штаттан тыс жұмысының себебіне байланысты оны ұшырудың 545 секундында апат орын алды», - деп деп хабарлады РБК.
Қозғалтқыштың апаттық сөнуі екінші және үшінші сатылар бөлімдерінің арасында болған. «Протон-М» Алтайда немесе Тынық мұхитының айдынына құлауы мүмкін.
Жақын арада апаттың себебін анықтайтын комиссия құрылады. Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымырантасығыштарын одан әрі ұшыруды тоқтата тұрады. 15 шілдеге белгіленген «Экспрес-АМ6» байланыс серігімен «Протон-М» зымырантасығыштың ұшырылуы ауыстырылады.
«Экспресс-АМ4Р» телекоммуникациялық ғарыш аппаратымен ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» жұмаға қараған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған болатын. Бұл 2014 жылдың басынан бері жүзеге асырылған Ресейдің оныншы ғарыштық ұшырылуы. «Экспресс-АМ4Р» бүгінгі таңда Ресейдегі ең қуатты және жоғары технологиялы байланыс серігі болып табылады.
ҚазАқпарат