Астаналықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 73,5 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 73,5 жыл

16.05.2014
Астаналықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 73,5 жыл
 
Астана тұрғындарының орташа өмір сүру жасының ұзақтығы 73,5 жылға жетті. Бұл көрсеткіш алдағы 3 жылда 74,5 жасқа дейін өседі. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында өткен отырыста елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алма Алтыбаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
«Егер 15 жыл бұрын астаналықтардың орташа өмір сүру жасы 67 жыл болса, бүгін бұл көрсеткіш 73,5 жасқа жетті. Ал алдағы 3 жылда 74,5 жасқа дейін көтеріледі», - деді А. Алтыбаева.
 
Оның айтуынша, астаналықтардың өмір жасының ұзаруы елордадағы экономикалық жағдайларға байланысты тұрмыстың жақсарғанын білдіреді. Астанада жыл сайын білім беру мен денсаулық сақтау ісі жетіліп, халықты баспанамен және жұмыс орындарымен қамту жақсы жолға қойылып келеді.
 
«2014 жылдың бірінші тоқсанында 5,3 пайызды құрады. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық2010 жылы 11,2 пайыз болса, қазірде бұл көрсеткіш 5 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, Астана бойынша орташа жалақы  168 609 теңгені құрады», - деді А. Алтыбаева.
 

Хабарламаларға жазылу