Танымал ақын Жәркен Бөдеш – 70 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал ақын Жәркен Бөдеш – 70 жаста

15.05.2014
Танымал ақын Жәркен Бөдеш – 70 жаста
Танымал ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Жәркен Бөдеш 70 жасқа толып отыр. Оның өлеңдері тұнық табиғатымен, өмірге жақындығымен, сыршыл да өткір тартымдылығымен көңілге жақын тұрады.
 
Ақын мерейтойында «Арғы тауға асумын, бергі тауға белеспін» деген кеш өткізбек. Шара Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен  ұйымдастырылады.
 
«Туған жердің қар, мұзы,
Аязыңмен жуындыр.
Туған жердің бал қызы
Бұрымыңмен буындыр.
Туған жердің бұлағы,
Толқыныңмен ат мені.
Туған жердің жыланы,
Шырылдатып шақ мені.
…Туған жердің қасқыры,
Кемір ақын сүйегін
Туған жердің тас құмы
Сені осылай сүйемін», - деп жырлайды ақын.
 
«Жазарым әлі көп. Жасым 70-ке келгенімен, таусылмайтын тақырыбым мен ойларым бар. Сондықтан екі есе көп жазуды ойлаймын», - дейді Жәркен Бөдеш.

Хабарламаларға жазылу