Америкалық археологтар Кариб теңізінің түбінен өзгеше сынықтар тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғалымдардың болжамынша, Гаитидің солтүстік жағалауынан табылған бұл сынықтар Христофор Колумб Американы ашқан бұрынғы «Санта-Мария» кемесі болуы мүмкін.
Зерттеуші Барри Клиффорд: «Географиялық, археологиялық, топографиялық айғақтардың барлығы Колумб кемесінің сынықтарын тапқанымызға дәлел»,-дейді.
Бағалы сынықтар тапқан экспедиция Гаити үкіметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Енді жұмыс қыза түспек, алда егжей-тегжейлі археологиялық қазбалар күтіп тұр, деп хабарлады Informing. «Санта-Мария» үш діңгекті, бір палубалы болған. 1492 жылы Христофор Колумб осы кемемен Американы ашты. Оған 40 адамға сыятын болған. Кеме 1492 жылы су жартастарына соқтығысып, апатқа ұшыраған-ды.
|