Франция президенті Франсуа Олланд: «Армения Кеден одағына қосылу туралы жоспары барына қарамастан, Еуропа одағымен ассоциация туралы келісімге қол қоя алады», - деп мәлімдеді.
Олланд Еуропа одағы Армения үшін ерекше үлгі қабылдай алатынын, ол үшін Брюссель мен Ереван бірлесе сценарий жасауы қажет екенін айтты. Франция президенті бұл туралы Арменияға сапары кезінде айтты, деп хабарлайды Азаттық.
Арменияға сапарының алдында Олланд Әзірбайжанда болып, ел президенті Ильхам Әлиевпен кездескен.
Оның оңтүстік Кавказ елдеріне сапары Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ мәселесін және Грузияның жікшіл аймақтары арасындағы территориялық дауларды реттеу келіссөздерін алға жылжытуға бағытталған.
Олланд Франция мемлекеттердің тұтастығы мен территориялық дауларды мемлекет тұтастығын сақтай отырып шешуді қолдайтынын айтты.
|