Саусақтары жетілмей туған Гүлдана Файзолланың өмірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Саусақтары жетілмей туған Гүлдана Файзолланың өмірі

10.12.2016
Саусақтары жетілмей туған Гүлдана Файзолланың өмірі

8 баланы дүниеге әкелген Гауһар Оразалиева – «Алтын алқа» иегері. Төрт ұлдан кейін кестетігері Гүлдананы өмірге әкелгенде қалайша қуанғаны әлі есінде. Ал, баласын құшағына алғанда қуанышынан қорқынышы басым болды. Саусақтары мен бақайлары жетілмеген баланы өмірге өзі әкелгеніне сенер-сенбесін білмеді.

Гүлдана Файзолла саусақтары бірікпесе де іс тігуді үйреніп алған. Қуыршағына керектінің бәрін өзі тігеді. Тек көпшілік ортасына шыққанда бойындағы кемшілігінен қымсынып қала береді.

Аяқ киім кие алмағандықтан, қыста далаға да шыға алмайды. Қатарластарымен бірге оқығысы, олармен бір партада отырғысы келеді. Туабіткен аурудан үйге жіпсіз байланғанына көндіге алмайтындай.

«Жан жылуы» ұжымының мектеп туралы сұрақтарына ол жанарының жасымен жауап берді.  Ал, ана арманы – қызын қатарға қосу.

 

Хабарламаларға жазылу