Өскеменде халықаралық үлгіге сай жабық бассейн ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде халықаралық үлгіге сай жабық бассейн ашылды

12.05.2014
Өскеменде халықаралық үлгіге сай жабық бассейн ашылды
 
Өскеменде олимпиадалық үлгідегі заманауи жабық бассейн ашылды. 720 көрерменге шақталған шамамен 5400 шаршы метрлік бассейн барлық халықаралық стандарттарға сай, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Бассейннің ашылу салтанатына ҚР вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, өңір әкімі Бердібек Сапарбаев және Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, ҚР Су спорты түрлері федерациясының вице-президенті Алан Балфанбаев қатысты.
 
Облыс әкімі игі іске демеушілік жасаған «ҚазАтомӨнеркәсіп» және «Қазцинк» өнеркәсіптеріне алғысын білдірді. «Туған жерге тағзым ет» акциясы басталғалы бес жылдан бері 23 миллирад теңге тартылған. «Тұрғызылған мәдениет және спорттық нысандардың бәрі біздің жастарымыз демалыстарда уақытын босқа өткізбес үшін салынды. Осынау қысқа уақытта жұмысты бітіріп берген құрылысшыларға алғысым шексіз», - деді Б. Сапарбаев.

Спорттық нысанның ішінде көрермендер мен спортшылар үшін бар жағдай жасалған.

Хабарламаларға жазылу