Санкт-Петербургте қазақ қолөнершілерінің этноауылы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургте қазақ қолөнершілерінің этноауылы ашылады

12.05.2014
Санкт-Петербургте қазақ қолөнершілерінің этноауылы ашылады
Биылғы жылдың 17 мамырында Санкт-Петербург қаласында Астананың мәдениет күндері басталады. Мақсат - қалалар арасындағы мәдени, іскерлік байланысты нығайту, сонымен қатар, коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және туризм салаларын дамыту. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
 
Осыған орай, Санкт-Петербургте  қазақ қолөнершілерінің этноауылы ашылады. Этноауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға келген Санкт-Петербург қаласының тұрғындары қазақ қолөнершілерінен шеберлік сабағын алады. Ол үшін арнайы «Қазақ ауылы» экспозициясы құрылады.
 
Ши, басқұр тоқуға, сырмақ сырып, кесте тігуге ниеттілер осы алаңда өздерінің қызығушылығын тудырған дүниелерді тамашалай алады. Қамшы өріп, кілем тоқып, жіп иіріп қазақ халқының дара болмысымен танысуына да болады. Сонымен қатар, салт-дәстүріміз бен ырым-нанымдарымыз да көрсетіледі.
 
Бұндай іс-шараны ұлттық ән-бисіз елестету мүмкін емес. Бұл күні «Astana ballet» би ұжымы, «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу