Жапон отбасы 2011 жылы жоғалған мысығын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапон отбасы 2011 жылы жоғалған мысығын тапты

12.05.2014
Жапон отбасы 2011 жылы жоғалған мысығын тапты
Жапониядағы Иватэ префектурасының тұрғындары 2011 жылы болған жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен 12 жастағы үй мысығын 3 жылдан кейін тапты.
 
Жапониялық жалпыхалықтық «Асахи» газеті хабарлағандай, мысық иелері оқиғаға әлі сенер емес. «Бұл таңқаларлық құбылыс»,  дейді Офунато қаласының 64 жастағы тұрғыны Кадзуко Ямагиси.
 
2011 жылдың 11 наурызында болған жер сілкінісі олардың баспаналарына еш зиянын тигізбеген. Алайда, мысықтары із-түзсіз жоғалған. Олар үй жануарын үш ай бойы іздеген.
 
2014 жылдың сәуір айында Рикудзентаката (Иватэ префектурасы) қаласының маңында жас жұбайлар қаңғырып жүрген мысықты тауып,  жануарлар үйіне тапсырған.  Мұндағы қызметкерлер оның қарғыбауында жазылған телефон нөміріне қоңырау шалып,  иелеріне қайтарды.
 
ҚазАқпарат
 

Хабарламаларға жазылу