Шығыс Қытайдағы жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 30 адам зардап шекті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Зардап шеккендердің ішінде кемінде 10 қарсылық білдіруші мен 20 полицей бар.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Ханчжоу қаласындағы қақтығыстар қоқыстарды жағатын зауыт құрылысы жоспарына қарсы митингі кезінде болған.
Акция кезінде 30-дан астам машина төңкеріліп, шерушілер екі полицей машинасын жағып жіберген.
Қарсылық білдірушілердің пікірінше, қоқыс жағатын зауыт қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді.