Оңтүстік Қазақстан облысындағы іріктеу сынында Жұманазар Ерсұлтанов пен Сабыржан Әбілдаұлына финалға жолдама алды. Аталған екі балуан былтыр «Қазақстан Барысының» финалдық бәсекесінде бақ сынап, Жұманазар қола жүлдегер атанған болатын.
Солтүстік Қазақстан облысында Рустам Жұмаевқа тең келер ешкім жоқ. 2012 жылы «Көрермендер көзайымы» жүлдесін иеленген Рустаммен бірге, Дәурен Еслямов облыс намысын қорғайды.
Атырау облысы да өз үздіктерін анықтады. «Қазақстан Барысының» өткен маусымында белдескен Сұңғат Закарияев бұл жолы да топтан озды. Сондай-ақ, күміс жүлде тағынған Бекболат Салықов та финалда бақ сынайды.
Маңғыстау облысында жас палуан Мейрамбек Жаңабай жеңімпаз атанса, финалға берілетін екінші жолдамаға Манас Иманқұлов иелік етті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін «Қазақстан Барысы» жобасының финалына Руслан Әбдіразақов пен Айбек Серікбайұлы (Қызылорда облысы), Арман Әбеуов пен Нұрғали Байтарақов (Астана қаласы), Бейбіт Ыстыбаев пен Дәулетхан Жақыпов (Жамбыл облысы), Асылхан Бәрменов пен Бекзат Ахметбеков (Қарағанды облысы), Нұрсұлтан Иманғазин мен Рүстем Бурбаев (Ақтөбе облысы) және Дархан Жоламанов пен Батырхан Жүнісовтер (Павлодар облысы) жолдама алған болатын.
«Қазақстан Барысы» жобасының финалдық сыны 29 маусым күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.