Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысына» жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысына» жолдама алды

11.05.2014
Мұхит Тұрсынов «Қазақстан Барысына» жолдама алды
«Қазақстан Барысы» турнирінің төртінші маусымына іріктеу сыны аяқталып келеді. Бүгінде еліміздегі 14 облыстың жартысынан көбі жеңімпаздарды анықтап, финалда белдесетін палуандар есімін жария етті.
Былтыр «Қазақстан Барысы» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алған Шығыс Қазақстан облысындағы бәсеке биыл аса тартысты өтті. Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайына жиналған балуандар қатарында тәжірибелі Шалқар Жоламанов та бар еді. Қызықты өткен алыптар айқасында қазақ күресінен әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов жеңіске жетті. «Шығыс Барысы» атанған Мұхит финалда Шалқар Жоламановтан басым түсті. Осылайша, маусым айында өтетін «Қазақстан Барысы» додасының финалында Шығыс Қазақстан намысын үш палуан қорғайды. Олар: Мұхит Тұрсынов, Шалқар Жоламанов және Айбек Нұғымаров.
 
2013 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы саналатын Айбек биылғы финалға ешқандай іріктеусіз, тікелей жолдама алады.
 
«Қазақстан Барысының» екі маусымына қатысып, жүлдесіз қалдым. Ендігі мақсатым - биылғы сында үздіктер қатарынан көріну. Сол үшін аянбай жаттығамын», - Мұхит Тұрсынов.
 
Дереккөз: «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі.
 

Хабарламаларға жазылу