«Airbus A319» ұшағы шұғыл түрде Нью-Йорк әуежайына қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Airbus A319» ұшағы шұғыл түрде Нью-Йорк әуежайына қонды

10.05.2014
«Airbus A319» ұшағы шұғыл түрде Нью-Йорк әуежайына қонды
Вашингтонға бағыт алған америкалық «US Airways» әуе компаниясының ұшағы құспен соқтығысқаннан кейін шұғыл түрде Нью-Йорк әуежайына қонды.
 
Fox News телеарнасының хабарлауынша, «Airbus A319» ұшағының бортында 96 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.
 
Оқиғаға қатысты АҚШ Азаматтық авиациясының федералды басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізуде. 
 
Айта кетейік, бұл - «Ла Гуардия» әуежайындағы бір апта ішінде тіркелген екінші оқиға. 7-мамыр күні Чикаго-Нью-Йорк бағытындағы «United Airlines» компаниясына тиеслі ұшақ та әуежайға қонар сәтте құспен соқтығысқан.

Хабарламаларға жазылу