Вашингтонға бағыт алған америкалық «US Airways» әуе компаниясының ұшағы құспен соқтығысқаннан кейін шұғыл түрде Нью-Йорк әуежайына қонды.
Fox News телеарнасының хабарлауынша, «Airbus A319» ұшағының бортында 96 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиғаға қатысты АҚШ Азаматтық авиациясының федералды басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, бұл - «Ла Гуардия» әуежайындағы бір апта ішінде тіркелген екінші оқиға. 7-мамыр күні Чикаго-Нью-Йорк бағытындағы «United Airlines» компаниясына тиеслі ұшақ та әуежайға қонар сәтте құспен соқтығысқан.