Жолаушылар автобустың төлем жүйесіне ақша емес, темір-терсек тастап отырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолаушылар автобустың төлем жүйесіне ақша емес, темір-терсек тастап отырған

10.05.2014
Жолаушылар автобустың төлем жүйесіне ақша емес, темір-терсек тастап отырған
Алматыда муниципалды автобус паркі өкілдері 3 айда монетаның орнына, 9 шелек темір-терсек жинаған. Бұл туралы бүгін өткен «Алматыэлектротранс» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. 
 
Қоғамдық көлік жолаушылары электронды төлем жүйесіне салмағы қазақстандық монеталармен сәйкес келетін түрлі темір-терсекті тастап отырған.  Олардың ішінде құтылардың қақпағы, шетелдік, Кеңес кезінен қалған монеталар, ойын автоматтары мен метро жетондары да бар.
 
«Валидатор монетаны салмағына қарай анықтайды. Сондықтан, жүйе әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда біз «Бест Кард» ЖШС сотқа бердік. Болашақта бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймыз», - деді «Алматыэлектротранс» ЖШС қаржы ісі бойынша директорының орынбасары Хабиболла Сабдуллаев.

Хабарламаларға жазылу