Бүгін «Евровидение-2014» байқауы қорытындыланбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Евровидение-2014» байқауы қорытындыланбақ

10.05.2014
Бүгін «Евровидение-2014» байқауы қорытындыланбақ
«Евровидение-2014»   байқауына қатысушы кейбір үміткерлердің жинаған ұпай санына  Украинадағы дағдарыс пен Ресей тарапының  украиналықтарға қатысты позициясы әсер етуі мүмкін. 
 
Олар австриялық поп-әнші Кончита Вурст, ресейлік Толмачевалар және украиналық қатысушыМарич Яремчук.
 
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, мұндай пікір ресейлік үміткерлер Толмачевалардың ақтық кезеңге жолдама алуынан кейін пайда болған.
 
Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар наурыз айында Ресей құрамына қосылған қырымдықтардың дауысы украиналықтардың дауысы есебінде қабылданатынын мәлімдеді.  Себебі, дауыс беру  халықаралық телефон кодтары бойынша есептеледі.
 
Ал, байқаудың ақтық сынында 26 елдің орындаушылары бақ сынайды. Букмейкерлердің есебінше, швециялық әнші Санна Нильсен «Undo» әнімен топ жарып шығуы мүмкін.
 
Егер, осылай болған жағдайда, бұл швециялықтар үшін соңғы үш жылдағы екінші жеңіс болмақ. Ал, екінші орынға «Rise Like a Phoenix» әнімен австриялық поп-әнші Кончита Вурст шығады деген болжам жасалып отыр.
 
Айта кетейік, «Евровидение» байқауы 1956 жылдан бері өткізіліп келеді. Оны өткізу құқы жеңімпаз атанған елге беріледі. Биылғы «Евровидение-2014» байқауы Дания астанасы - Копенгагенде өтіп жатыр.
 

Хабарламаларға жазылу