Көксу өзеніне батып кеткен ресейлік саяхатшының мәйіті судан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көксу өзеніне батып кеткен ресейлік саяхатшының мәйіті судан шығарылды

10.05.2014
Көксу өзеніне батып кеткен ресейлік саяхатшының мәйіті судан шығарылды
Көксу өзеніне батып кеткен ресейлік саяхатшының мәйітіне сот-медициналық сараптама  жасалды. Бұл туралы Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
 
Бұған дейін хабарланғандай, 5-мамырда Алматы облысының Ескелді би ауданына қарастыЖалғызағаш ауылы тұсынан өтетін Көксу өзеніне 36 жастағы ресейлік азамат Р.Папировский батып кеткен.
 
9-мамырда қалалық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары оның мүрдесін тауып, судан шығарды. 

Хабарламаларға жазылу