Гитлер режиміне қатысты нышан енді пайдаланылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гитлер режиміне қатысты нышан енді пайдаланылмайды

10.05.2014
Гитлер режиміне қатысты нышан енді пайдаланылмайды
Америкалық Procter & Gamble компаниясы   өнімдерінің біріне Адольф Гитлер режимімен байланысты нышанды пайдаланғаны үшін кешірім сұрады.
 
Компания өндірген кір жуатын ұнтақ қорабының сыртында «88» саны таңбаланған футболка бейнеленген. Ал, бұл санды ұлтшылдыққа шақыру кезінде ультра оңшылдар жиі қолданады. Сондықтан, Германия тұтынушылары дәл осы жайтқа наразылық танытқан.
 
Қазіргі уақытта Procter & Gamble компаниясы нышанды ағаттықпен пайдаланғандықтарын айтып, кешірім сұрауда.
 
«Егерде теріс түсінік туындаса және ультра оңшылдық идеологияны насихаттайтын болса біз барынша өкінішімізді білдіреміз», - деді компания өкілі Габи Хассиг.
 
Г.Хассигтің айтуынша, футболкадағы сан кір жуу ұнтағын қанша рет пайдалануға болатындығын көрсетеді.
 
Сондай-ақ, ол компания аталған өнімді және «18» саны бар ыдыс-аяқ жууға арналған сұйық сабынды нарыққа шығаруды тоқтатқандығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 

Хабарламаларға жазылу