Қ.Келімбетовтің төрағалығымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ активінің кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Келімбетовтің төрағалығымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ активінің кеңесі өтті

09.05.2014
Қ.Келімбетовтің төрағалығымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ активінің кеңесі өтті
Президент Жарлығымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнетақы активін басқару кеңесінің құрамы бекітілді, деп хабарлайды enpf.kz.
 
Кеңес құрамына Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов, ҚР Президентінің көмекшісі Ербол Орынбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев кірді.
 
Сонымен қатар, кеңес құрамында «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» кеңесінің төрағасы  Серік Ақанов, «NUH Cimento Sanayi A.S» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тевфик Билгин, «Global Sovereign Advisors» компаниясының басқарушы әріптесі Борис Борозан, Қазақстандағы «Дойче Банк АГ» уәкілдігінің басшысы, «Deutsche Bank AG» басқарушы директоры Ульф Вокурка,  Қазақстан сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоғамының төрағасы, «Sze Associates Ltd» компаниясының төрағасы Майкл Зи, Биржалық кеңес төрағасы, «Қазақстан қор биржасы» АҚ тәуелсіз директоры  Жанат Құрманов бар.  
 
Айта кетейік, елімізде құрылған «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» ҚР Үкіметі, қор активін Ұлттық банк басқарады.

Хабарламаларға жазылу