Сэм Уортингтон мен Зои Салдана «Аватардың» барлық бөліміне түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сэм Уортингтон мен Зои Салдана «Аватардың» барлық бөліміне түседі

07.05.2014
Сэм Уортингтон мен Зои Салдана «Аватардың» барлық бөліміне түседі
Көрермендер Сэм Уортингтон мен Зои Салдананы «Аватардың» барлық бөлімінен көре алады. Басты рөлдегі актерлер 3 бөлімнің түсіріліміне де қатысатыны туралы келісімшартқа қол қойған.
 
Фильмнің жалғасыкөрермендерге 2016 жылдың желтоқсан айында ұсынылмақ. Ал қалған екі бөлімді 2017 және 2018 жылдың желтоқсан айларында  шығару жоспарланған.

Сондай-ақ фильмнің үш бөліміне Стивен Лэнг те түседі. Алдыңғы бөлімдерде ол зұлым полковник рөлім сомдаған. Алайда «Аватар» оның өлімімен аяқталған еді. Джеймс Кэмеронның бұл кейіпкерді енді қалай тірілтетіні әзірге жұмбақ.
 
Filmpro.ru сайтының хабарлауынша, фильм жалғасы су астында түсірілмек. Алайда қалған бөлімнің  қайда түсірілетіні құпия сақталуда. Ал кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, фильм желісі бойынша Уортингтон мен Салдана балалы болады.

Хабарламаларға жазылу