Астанада екі күн бойы боран соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада екі күн бойы боран соғады

06.05.2014
Астанада екі күн бойы боран соғады
15-16 қаңтарда елордада боран болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп күтілуде. Соған байланысты метеорологтар ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аяз болмайды.
 
15 қаңтарда, сәрсенбі күні Астанада күн бұлтты, күндіз қар жауады, боран болады, түнде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -5;-7°C, күндіз 0;-2°C.

«16 қаңтарда, бейсенбі күні елордада күн бұлтты, қар жауады, боран болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -4;-6°C, күндіз 0;-2°C болады»,- деп болжайды синоптиктер.

17 қаңтарда елордада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11-13°C, күндіз -6-8°C болады.

Хабарламаларға жазылу